Өз тіліңде бәрі де алғаш қаланды
Ата заңда айшықталған асқары,
Кем көрмейтін өзге тілді, басқаны.
Қазақ тілі – ұлттың тілі, өз тілің,
Ол – тәуелсіз мемлекеттің бастауы.
Ата заңда айшықталған асқары,
Кем көрмейтін өзге тілді, басқаны.
Қазақ тілі – ұлттың тілі, өз тілің,
Ол – тәуелсіз мемлекеттің бастауы.
Тіл - тірегім, Отанымның тірегі,
Əр қазақтың тіл деп соқсын жүрегі!
Ана тілім - қазақ тілі бар кезде,
Отанымыз мəңгі өмір сүреді.
Ата Тілім менің,
Сенің күркіреген күндей қасиетті Дауысыңды
Шеше құрсағына біткенімнен-ақ естігем.
Өмір – мынау, дүние қуа дабырласқан көш түмен!..
Жансын лаулап
Жүрегімде от барда.
Көздегенге жетпей көңіл тоқтар ма?!
Қайран тілім –
Туған тілмен тербелсінші бесігің,
Бөбегіңнің қазақша айт есімін.
Қандасым-ау, қасиетті басыңда,
«Алтын тəжің» туған тілің несібің.
Туған тілім — арымсың, айбынымсың,
Бағаланбас теңдессіз байлығымсың.
Көктегі жарқыраған жұлдызым мен,
Көңілге нұрын төккен ай-күнімсің.
Бар шаттыққа мен оңай жетем бүгін,
Тілім аман, дінім бар, мекендімін.
Құт дарыған тілімнің сағат сайын,
Мен тәңірден сұраймын есендігін.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі